«Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған
мектеп-интернат» Кешені» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Басты

«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені»КММ

«Қымбатты досым, музыкант, әртіс, жаратушы мамандықтары шыңына жету жолдарында,
қаншалықты бақытты жеңістер сенің алдыңда тұр десеңізші! 
Біз өзімізді әлемдік өнер өркениетінің бір бөлігіндей сезінеміз де,
ұлттық мәдениеттің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді.
Егер сен бізбен бұл ұмтылуларды бөліссең – біздің оқу мекемесіне Қош келдіңіз!»

Кашенева Р.А.

Рауза Абуталиповна Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда оның оқуына дұрыс келе білу маңызды болып есептеледі. Дарындылық үнемі назарда және қолдауда болуы керек. Мектепте музыкалық дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі көптеп жинақталған. Бұл оқу мекемесі Петропавл қаласында 1957 жылы қыркүйек айында ашылып, ұзақ уақыт музыкалық училищесі болып аталып келді. 1995жылы бұл мекеме атауы өнер колледжіне ауыстырылды, ал 2006 жылы жас дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатпен қосылып, жаңа заманауи атау алды. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Оқу мекемесі педагогтардың жоғары шеберлік деңгейімен әйгілі. Олардың көпшілігі жалпы білім саласының үздігі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, біліктіліктері жоғары санатты ұстаздар. Дарынды балалар мектебінде 30 жылдан астам уақыт ҚР білім үздігі Е.М. Мещеркина, В.Ф. Дынкина жұмыс істейді.Оқу мекемесінің педагогикалық ұжымын 2005 жылдан бері еңбек сіңірген өнер қайраткері, педагогика ғылымының кандидаты, білім үздігі – Рауза Әбутәліпқызы Кашенева басшылық етеді. 1980 жылы ол Петропавл музыкалық училищесін аяқтап, 1987 жылы Алматы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын тәмәмдап шықты.

Рауза Әбутыліпқызы — көптеген музыкалық фестивальдар мен конкурстардың лауреаты, 1998 жылдың наурызынан 2001 жылдың қаңтарына дейін концертировала совместно с симфоническим оркестром города Ридеркерк қаласының (Нидерланды) симфониялық оркестрінде бірігіп концерттік қызмет атқарды. Ол осы еңбегі үшін голланд қаласы Аблассердамның губернаторының алғыс хатымен марапатталды. 1998 жылы «Бельканто» халықаралық конкурсының алқа қазыларының төрайымы болды. Кашенева Р.Ә. үлкен орындаушылық және педагогикалық тәжірибесі бар. Оның оқушылары – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары. Одан басқа, Роза Әбутәліпқызының көптеген ғылыми басылымдары мен сынды тұрғыда мақалалары, очерктері бар.

Түлектерінің ішінен көптеген әйгілі музыканттары мен әншілері, драмтеатр актерлері мен суретшілері, режиссерлері мен педагогтары бар. Петропавл қаласының алдыңғы білім мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары белсенді концерттік және ағартушылық жұмыспен шұғылданады. Олар концерт өткізеді, қала орта және жоғары оқу мекемелері оқушылары мен студенттері үшін лекциялар өткізеді. Жас дарындар жетім балаларға, мүгедек, ауруханалар мен кәрілер үйіндегі адамдарға жүйелі түрде өтілетін шараларға қатысады. Оқу мекемесі өзінің үлкен жинақты хор тобын (жетекшісі – Г.А.Голяк), симфониялық оркестрін (жетекшісі – еңбек сіңірген қайраткер Б.С.Ұлтарақов), орыс халық аспаптарын (жетекшісі – Г.А.Ерзаков), үрмелі оркестр (жетекшісі – Г.В.Брюханов), скрипкашылар ансамблі (жетекшісі – Т.М.Прядеина) және «Арқа сазы» фольклорлық оркестрін (жетекшісі – Ж.А.Мухатаева) мақтан тұта алады. Әлі жетпеген шыңдар, орындалған марапаттар көп, бірақ белгілісі сол, барлық оқушылар да, оқытушыларда жоғары деңгейде орындаушылық шеберлігін арттыруға тырысады. Себебі өнерге қызмет етеді – бұл үлкен абзал іс.

«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені»КММ

Мекеменің толық атауы «Өнер колледжі – музыкалық – эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат» кешені» КММ
Жетекшінің тегі, аты-жөні Кашенева Рауза Әбутәліпқызы
Аумағы СҚО
Орын мекені Петропавл қаласы
Көшесі Интернационал
Үй 81
Телефон 33-12-92
Электрондық пошта kompleks_kolledz@mail.ru
Сайт E-learning

 

ҚР кәсіби білім мамандығының коды Білім бейімі мамандық атауы Біліктілігі
0108000 Музыкалық білім Білімі 0108013 мектепке дейінгі және негізгі жалпы білім мекемелерінің музыка мұғалімі
0404000 аспапта орындаушылық және эстраданың музыкалық өнері (түрлері бойынша) Мәдениет және өнер 0404013 Фортепиано. Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер
0404000 аспапта орындаушылық және эстраданың музыкалық өнері (түрлері бойынша) Мәдениет және өнер 0404023 үрмелі және соқпалы аспаптары, ішекті аспаптары. Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (жетекшісі).
0404000 аспапта орындаушылық және эстраданың музыкалық өнері (түрлері бойынша) Мәдениет және өнер 0404033 орыс және қазақ халық аспаптары. Балалар музыка мектебінің оқытушысы , халық аспаптары оркестрінің әртісі (жетекшісі)
0405000 Хор дирижирері Мәдениет және өнер 0405013 оқытушы, хормейстер
0406000 музыка теориясы Мәдениет және өнер 0406013 Балалар музыка мектебінің оқытушысы
0407000 ән салу Мәдениет және өнер 0407013 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, академиялық ән салу әртісі, ансамбль солисті
Мәдениет және өнер 04070023 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, домбырамен халық әндерін шырқау әртісі
Мәдениет және өнер 0407033 Балалар музыка мектебінің оқытушысы,эстрадалық ән салу әртісі, , ансамбль солисті
0408023 Хореография өнері Мәдениет және өнер 0408023 би ансамбілінің әртісі
0409000 Актер өнері Мәдениет және өнер 0409013 драмалық театр әртісі
0412000 кескіндеме, скульптура және графика Мәдениет және өнер 041213 суретші