«Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған
мектеп-интернат» Кешені» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Оқу процесін ұйымдастыру

Негізгі мақсаттары мен міндеттері:

«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ педагог ұжымы білім саласының маңызды мақсат деп есептейді:

  • Дарындылығы әр деңгейлі балалардың жеке бас қабілетін кең оқу бағдарламасының мүмкіндігі мен педагогтардың шеберлігі арқылы жүзеге асырылатын жеке келу арқылы ашу;
  • Өз қызметінде әртүрлі бағдарламалар пакетінің бар болуын болжайтын әртүрлі жас ерекшеліктері мен әлеуметтік топтар, оқытушылар мен оқушылар, олардың ата-аналарынының қызығушылықтары мен талаптарына бағытталған вариативті-бағдарламалық келуін пайдалану;
  • музыка құралымен және басқа да өнер түрімен тұлға сапасын, нақтырақ айтсақ, интеллигенттілік, шығармашылық қабілеттілік, эмоционалды қабылдағыш, мәдениетті танып білуге талпыну сияқты құралдарды қалыптастыру;
  • өнер шығармаларының эстетикалық жағын және бағалау критерийлерін қалыптастыру;
  • өз жүрген ортаңда белсенді музыка, ән, көркем шығармашылықты, өнер насихатшыларын тәрбиелеу.

Білім беру мен тәрбиелік міндеттер:

  • тұлғаның жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, соның ішінде оқушылардың өздігінен және қосымша білім алу талаптарын қанағаттандыру;
  • тұлғаның білім бағдарламасының міндетті минимум мазмұнын меңгеру негізінде жалпы мәдениеті қалыптастыру, оның қоғам өміріне бейімдеу;
  • өнер мен мәдениет саласында саналы таңдау мен келесі білім бағдарламасын игеру үшін негіз жасау;
  • Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтылықты тәрбиелеу;
  • әртүрлі стилистикалық бағыттағы музыкалық шығармаларды парақ бетінен еркін оқуға үйрену (классикалық, джаздық, эстрадалық), бос уақыт шарасы үшін үлкен репертуар жасап,, оны үнемі кеңейтіп отыру керек;
  • аккомпанементпен бірге ұнаған әуенді есту бойынша тере білу;
  • ән салушыны аккомпанементтеу және жеке ән сала отырып өзіңе аккомпанемент жасай білу;
  • әр түрлі жанрда музыка тарта білу (импровизацияжәне шығарма жазу);
  • фонограммамен ән салу дағдысын қалыптастыру (минус), микрофонмен жұмыс істей білу;
  • өз жолдастарына музыка туралы, композитор туралы айта білу, музыкалық тақырыпта болған әңгімені қолдай білу;
  • эмоционалдық – сезімдік қабылдауды кеңейту мен бейнелі ойлауды дамыту;
  • тұлғаның жан жақты дамуы, қабілетінің толық ашылуы, көркемсурет шығармашылықты сабақтарына дайындық негізін жасау, ал өте дарынды балалар болса, өнер мен мәдениет саласында келешек мамандықтарын таңдау үшін мектеппен максималды – қолайлы жағдай жасау;
  • балалардың конкурстарға, концерттерге, шығармашылық кездесулерге қатысуы.