«Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған
мектеп-интернат» Кешені» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Ақпараттық блогі

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша
білім беру ұйымдары үшін
жаднама

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына:

  • білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу);
  • барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;
  • білім беру органдары мен ұйымдарының ресми сайттарында ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
  • коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды анықтау кезінде білім беру объектілері қызметкерлерінің әрекет ету тетігін әзірлеуді;
  • білім беру ұйымдарында (дәліздер, фойелер, кабинеттер, зертханалар, акт және спорт залдары) санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда күшейтілген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді: желдету режимі, кварцтау режимі, жинау режимі, ауызсу режимі, сондай-ақ білім беру ұйымының техникалық персоналымен жүргізілетін ылғалды жинау санын арттыруды;
  • санитарлық дәрігерлерді шақырумен дезинфекциялық құралдарды қолдану және жұмыс ерітінділерін дайындау бойынша персонал үшін санминимум жүргізуді;
  • білім беруді ұйымдастыруды сабын-жуу мен дезинфекциялау құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды;
  • вирустық инфекциялармен сырқаттанушы балаларды күнделікті бақылауды (температураны өлшеу, визуалды тексеру);
  • вирусты инфекциялардың эпидемиясы мен өршуі кезінде бір сынып оқушылары күні бойы бір сынып бөлмесінде қалуы үшін кабинеттік оқу жүйесін тоқтатуды;
  • коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған жағдайда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді уақытша оқшаулауды қамтамасыз ету, болмаған жағдайда изоляторға орналастыруды ұйымдастыруды;
  • маскалық режимді ұйымдастыруды (ауырған баламен қарым-қатынаста медицина қызметкерлерінің, педагогтардың маскаларын киюі; ас блогының қызметкерлері балаларға тамақ тарату кезінде) (карантин кезінде);
  • ауру қызметкерлерді білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмысқа жіберуге тыйым салуды (карантин кезінде);
  • «Вирустық инфекция», «Коронавирустық инфекция» санитарлық бюллетенін шығару, білім беру ұйымдарының көрнекті орындарына ақпарат орналастыруды (карантин кезінде);
  • қажет болған жағдайда денсаулық сақтау органымен келісе отырып, басқарманың бұйрығына сәйкес жеке топтарда, сыныптарда, барлық білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтатуды ұсынады.

2) мұғалімдер мен сынып жетекшілерге:

  • әрбір сабақтың басында балада кемшілік белгілерін анықтау үшін білім алушыларды көзбен шолып тексеру жүргізуді;
  • сабақта бала мазасызданбаған жағдайда білім беру ұйымының медицина қызметкерін хабардар етіп, ата-аналарына хабарлауды;
  • әлеуметтік желілердің чат-топтарында ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
  • білім алушылардың гигиеналық нормаларды сақтау бойынша шараларды күшейтуді;
  • вирусты инфекцияның, коронавирустық инфекцияның алдын алу, коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі іс-әрекеттер және алдын алу шаралары туралы тақырыптық сынып сағаттарын өткізу, ақпараттық бұрыштар құруды;

Сонымен қатар, жалпы мектептік және сыныптан тыс іс-шараларды, сондай-ақ жалпы мектептік және сынып ата-аналар жиналысын өткізуді шектеуді ұсынады.

3) ата-аналар баланы адамдар көп жиналатын жерден қоршауы қажет. Баланы мектепке жібермеу және тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну қажет.

Сабақты/сабақты тоқтату кезінде:

Сабақ өткізу күні мерекелік күндермен, ауа-райы жағдайларына байланысты ақталған күндермен, эпидемиялық және пандемиялық аурулардың салдарынан карантинді енгізумен сәйкес келген жағдайда сабақ тақырыптарын/оқыту мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/туыстық тақырыптармен/мақсаттармен біріктіру/ құрастыру, интеграцияны ескере отырып, көрсетілген күнге дейінгі немесе одан кейінгі сабақтарда сағат саны аз болған жағдайда оқу қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді.

Біріккен сабақтар тақырыбының журналдарында бір жолда көрсетіледі. Бұл өзгерістер мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары орындалды деп есептеледі.

Біріккен сабақтарда неғұрлым жеңіл мақсаттар қою, жазбаша жұмыстарды жоспарламау ұсынылады.

Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде осы өзгерістер электрондық журналдарды техникалық қолдау арқылы көрсетіледі.

«Қазақстан – Ұлы дала елі» қосымшасы арқылы
отаныңды әлемге жақындата біл!

Құрметті достар!

Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStorePlay MarketWindows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Қазақстанды әлемге паш етейік!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13

 

Сілтемелер

  1. http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 – ҚР СІМ-нің ресми сайтындағы қолданбаның қазақ тіліндегі нұсқасына сілтеме;
  2. http://mfa.gov.kz/ru/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 – СІМ-нің ресми сайтындағы қолданбаның орыс тіліндегі нұсқасына сілтеме;
  3. http://mfa.gov.kz/en/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13 – СІМ-нің ресми сайтындағы қолданбаның ағылшын тіліндегі нұсқасына сілтеме;
  4. https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8 – AppStore-ға сілтеме;
  5. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.siveco.kazakhstan – PlayMarket-ке сілтеме;
  6. http://mfa.gov.kz/mobile/demos/index.html – веб-нұсқаға сілтеме;
  7. http://bit.ly/28PckQP – бейнероликтерді жүктеуге арналған сілтеме (барлық тілдердегі нұсқалары мен форматтары);
  8. https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw – Youtube-тағы қазақ тіліндегі бейнероликке сілтеме;
  9. https://www.youtube.com/watch?v=HzajL2ZKXoQ – Youtube-тағы ағылшын тіліндегі бейнероликке сілтеме;
  10. https://www.youtube.com/watch?v=ovg5VBHut5w – Youtube-тағы орыс тіліндегі бейнероликке сілтеме;
  11. https://goo.gl/B9MSSB – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиороликтерді жүктеуге арналған сілтеме.

«Патриот» республикалық әскери-патриоттық айлығының іс-шаралар жоспары (2019 жылдың 9 сәуірінен 9 мамырға дейін)

Іс-шаралар Күні Жауаптылар
1. Айлық старты. Линейка. 08.04.12 Әскерова А.К.
2. «Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз!атты стенд жасауы Ай бойы Косых О.Г.
Садуева З.Ж.
3. «Өрт жылдары» соғыс туралы кітап көрмесі Ай бойы Тілеужанова Н.С.
4. Мұражайға бару Ай бойы Тарих мұғалімдері, сынып жетекшілер
5. «Соғыс күйдірген балалық шақ», «Ұлы Отан соғысы отбасы тарихында», «Ұлы Отан соғысындағы батырлардың ерлігі» тақырыптарына шығарма байқауы Ай бойы Орыс тілі мен әдебиет мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
6. «Соғыссыз әлем» тақырыбында суреттер байқауы Ай бойы «Кескіндеме» бөлімінің оқытушылары
7. Арнайы газет шығарылымы Ай бойы «Жұлдыз» баллалар ұйымы
Криворучек О.А.
8. 9 сынып оқушыларының әскери бөлімі мен Петропавл ҚР Ұлттық гвардиясының Әскери институтына бару 11 сәуір 15.00 Науразбаев Е.Е.
9. Әдеби-көркем оқуының байқауының қаралуы 17 сәуір Умарова З.И.
Мухамедгалиева Р.Ж.
10. «Песня в солдатской шинели» әскери-патриоттық өлеңінің байқауы 24 сәуір Абишева С.Е.
Крапивьянова М.А.
11. «Алау» әскери-патриоттық ойыны. 7-9 сынып оқушылары 27 сәуір 12.00 Науразбаев Е.Е.
Криворучек О.А.
Сынып жетекшілер
12. Әскери тақырыпқа кинофильм көру 24 сәуір 16.40 Науразбаев Е.Е.
13. Сталинград шайқасы мен Ленинград блокадасының 75 жылдығына арналған «Долг» — «Мы помним всех ветеранов войны» біртұтас ерлік сабағы 2-6 мамыр Сынып жетекшілер
14. Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен оқушылардың кездесуі 2-6 мамыр Сынып жетекшілер
15. Батырлар күні мен Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік концерт 6 мамыр Әскерова А.К.
Криворучек О.А.
Сынып жетекшілер
16. Әлеуметтік желідегі оқу мекемелерінің сайтына айдың тақырыбы бойынша жариялау Ай бойы Әскерова А.К.
Криворучек О.А.
тарих мұғалімі, сынып жетекшілер

Барлық мектептерге бюджеттен бөлінеді

«Өнер  колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ мемлекеттік қызметтер (колледж сатысы)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақыты: Қазақтан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден-14.00 ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін есептемегенде.

№ р/б Мемлекеттік қызмет көрсету Орындалу мерзімі Құжаттар тізімі
1 КТББ аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру Құжаттарды тапсырғаннан кейін 3 жұмыс күні
  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)
2 ҚТББ құжаттарының телнұсқасын беру Құжаттарды тапсырғаннан кейін 20 күнтізбелік күн
  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)
3 КТББ БҰ студенттерінің ауысуы және қайта орналасуы Ауысу- бір ай ішінде, кезекті сессия басталғанша 5 күннен кешіктірмей;
  1. Ауысу туралы өтініш
  2. Сынық кітапшасының көшірмесі
Қайта орналасу-өтініш бергеннен кейін 2 жұма ішінде
  1. Қайта орналасу туралы өтініш
  2. Білімін аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама
4 Құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 20 шілде аралығында (Үлгілік қабылдау ережесі негізінде)
  1. Өтініш
  2. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы
  3. 4 фото сурет3*4;
  4. 086-У мед. анықтама флюрографиямен
  5. ҰБТ сертификаты (болған жағдайда)
  6. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)
5 КТББ ұйымдарының оқушыларына жатақхана ұсыну Құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні
  1. Өтініш
  2. Отбасы құрамы туралы анықтама
  3. Ата-аналарының қатыс болуы туралы анықтама (жетім балалар үшін)
  4. Отбасында 4 және одан да көп балалар туралы анықтама (көп балалы отбасылар үшін)
  5. Мүгедектікті анықтайтын анықтама (мүгедектер үшін)
  6. Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмекті алу үшін құқығын анықтайтын анықтама
  7. Жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)
6 Аттестациядан өту үшін құжаттарды қабылдау 20 минут
  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Білімі туралы диплом көшірмесі;
  4. Біліктілігін жоғарлату туралы құжат көшірмесі
  5. Еңбек қызметін анықтайтын құжат көшірмесі;
  6. Ертеде игерілген біліктілігі, санаты туралы құжат көшірмесі;
  7. Кәсіби қолжетімділігі туралы мәлімет (болған жағдайда)
7 Білім беру ұйымдарында оқитындарға академиялық демалыс ұсыну туралы Құжаттарды тапсырғаннан кейін 3 жұмыс күні
  1. Өтініш
  2. Дәрігерлік — кеңестік комиссияның қорытындысы (ДКК)

«Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ мемлекеттік қызметі (мектеп сатысы)

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты:  Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00 дейін, үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00 дейін, сенбі күні: 09:00-ден 13:00 дейін.

№ р/б Мемлекеттік қызмет көрсету Орындалу мерзімі Құжаттар тізімі
1 Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша негізгі орта білім құжаттарын қабылдау мен мекемеге қабылдау Құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 күнтізбелік жұмыс күнінде қаралады
  1. Өтініш
  2. Туу туралы куәлік
  3. Мед. форма 086/е
  4. 2 фотосурет 3х4
2 Жалпы орта білім, негізгі білім туралы құжаттар дубликатын беру Құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде беріледі
  1. Өтініш
  2. Туу туралы куәлік
3 Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш мектеп, негізгі орта, жалпы орта, техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын педагогтар мен оларға теңестірілген тұлғалардың аттестациядан өтулері үшін берілген құжаттарын қабылдау Құжаттарды тапсырған уақыттан бастап 20 мин ішінде қабылданады
  1. Өтініш
  2. Жеке куәлігінің көшірмесі
  3. Білімі бойынша диплом көшірмесі
  4. Біліктілігін жетілдіргені туралы құжат көшірмесі
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  6. Ертеде барілген білістілік санаты туралы құжаттың көшірмесі
  7. Кәсіби жетістіктері туралы мәлімет

Мемлекеттік рәміздер туралы

«Мемлекеттік рәміздер — бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Флаг

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы — белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы — алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі — көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер — оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері — дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары — белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл — Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі — көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде — көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу — алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ — киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі — елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар — шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь — бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс — алтынның түсі. Бұл — байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны

Әнұран — мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет — 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

25-жұлдызды күндер аясында Өнер колледжі ішінде

15.12.2016

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған онлайн-көрсетілім республикалық шығармашылық жиналыс бойынша есеп

Берілген іс-шараны жарықтандыру мақсатында 15 желтоқсан 11:00-ден бастап «Хабар» телеарнасы бойынша Тәуелсіздік Сарайымен көрсетілім ұйымдастырылды.

Өткізілген орын кешеннің акт залы.

Онлайн Республикалық шығармашылық жиналысты үздіксіз өткізу үшін Акт залы қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Іс-шара қажетті Тәуелсіздіктің 25-жылдығының рәміздерімен рәсімделді. Онлайн-көрсетілімнен кейін кешенде шығармашылық концерт өтті.

  

15.12.2016

15 желтоқсан сағат 13:00 Қызылжар ауданының Бескөл а. Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті. Концертте кешенің оқытушылары мен студенттері қатысты. Қонақтар саны: 1502 адам.

  

14.12.2016

2016 жылдың 14 желтоқсаны 17:00 Жастар сарайында біздің жерлесіміз әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтың құрметіне шығармашылық концерт өтті. Кешен директоры Р.Ә. Кашеневамен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, онда өнер колледжінің оқытушылары, студенттері сонымен қоса түлектері қатысты. Қатысушылардың ішінде «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегерлері де болды: Б.С. Ұлтарақов, Ж.А. Мұхатаева, Г.В. Брюханов.

Шығармашылық кеште құрметті қонақтар да болды: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Дюсенова, СҚО білім басқармасының басшысы Ш.Т. Каринова.

2.12.2016

2 желтоқсан сағат 15:00 Смирново кентiнiң Мәдениет үйiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай концерт өткiзiлдi. Ұйымдастырушылар бiздiң кешенiнiң оқытушылары мен студенттерi. Қонақтар саны: 230 адам.

28.11.2016

28 қарашада «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенi» КММ iшiнде кураторлық сағат өткiзiлдi. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы». 1-4 курстар қатысты.

«Forte Bank» қызметкерлерi де болды. О.Г. Косых ұлттық валютаның тарихы туралы баяндап бердi.

25.11.2016

25 қараша сағат 15:00 Мамлютка қаласының Мәдениет үйiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай концерт өткiзiлдi. Ұйымдастырушылар бiздiң кешенiнiң оқытушылары мен студенттерi. Қонақтар саны: 200 адам.

24.11.2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенi» КММ ашық сабақ өткiзiлдi. Вильдяксова О.Л. және Мерц О.И. оқытушылар ұйымдастырды. 2 курс студенттерi сабаққа белсендi қатысты.

23.11.2016

Iс-шаралар жоспарына сәйкес өткiзу бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25- жылдығы «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» 23 қараша 2016 жылғы базасында «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiмдегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» 1-3 курс студенттерi арасында, әскери-патриоттық ойын «Жас Ұлан» өткiзiлдi.

22.11.2016

«Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» және «Бiрiншi Президент» күнiне байланысты iс шара негiзiнде «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенi» КММ кiтапханасында әр түрлi кiтаптар, журналдар және газеттер көрмесi болды. Қазiргi таңда кiтапханаға 80 студент қатысты, олар қызықты жаңа кiтпханалық қормен танысып, жақсы пiкiрлер қалдырды.

21.11.2016

21.11.2016ж Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенi» КММ iшiнде ашық сабақ ұйымдастырылған. Ашық сабақты өткiзген Ольга Григорьевна Косых тарих мұғалiмi.

3 курс студенттерi қатысты. Ашық сабақта әртүрлi видеобейне, слайдтар көрсетiлген. «Кескiндеме» мамандығының 3 курс студенттерi «Қазақтардың салт-дәстүрi мен өмiрi» туралы суреттеген.

25-жұлдызды күндер аясында музыкалық-эстетикалық бейнедегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені

22.11.2016

2016 жылдың 22 қарашасында «Бұл бiздiң Ту, Әнұран, Елтаңба» атты жалпы республикалық акция аясында «Музыкалық-эстетикалық бейiмдегi дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжi Кешенi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi» тақырыбында шара өттi. Шараның мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәмiздерiн қастерлеуге, туған елiмiзге адал қызмет етуге тәрбиелеу болды.

Оқушылар шара барысында мемлекеттiк рәмiздер туралы жақсы бiлiмдерiн көрсетiп,өз өнерлерiн ортаға салды. 7 «А» сынып оқушысы Қорланова Сапыш «Мәңгiлiк ел» атты жазған өлеңiн көрермендерге тарту еттi.