«Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған
мектеп-интернат» Кешені» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Түлекке көмек

Оқу түрі — іштей

Оқу мерзімі 9 сыныптан кейін — 4 жыл, 9 сыныптан кейін (хореография өнері) - 3 жыл

Қабылдау емтихандары 9 сыныптан кейін — орыс (қазақ) тілі және 2 шығармашылық емтихан.

Сырттан келгендерге жатақхана беріледі

Құжат — 21 шілдеге дейін қабылданады, дүйсенбі - жұма: 9.00-18.00, сенбі: 9.00-13.00

Келесі мамандықтар бойынша білім алуға шақырамыз:

  • фортепиано
  • ішекті аспаптар
  • академиялық ән салу
  • эстрадалық ән салу
  • хорда дирижерлік ету
  • домбырамен ән салу
  • қазақ ұлттық аспаптары
  • орыс халық аспаптары
  • ұрмалы және соқпалы аспаптар
  • музыка теориясы
  • кескіндеме
  • актер өнері
  • хореография өнері

Мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Интернационал көшесі 81, тел. 8(7152)33-12-92

«Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. «Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді, (бұдан әрі –Кешен) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес және (19.01.2012 ж. №130 Үкімет қаулысы, 28.02.2012ж. №264 Үкімет қаулысы) техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларына сәйкес іске асырады.

2. Кешенге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ, негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар адамдар қабылданады.

3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

5. Тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және студенттер құрамына қабылдау жұмысы 1 маусымнан басталады.

6. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпарат 30 тамызға дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы хабарланады.

7. Кешенге түсушілер өтініші: 20 маусым — 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

8. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  1. шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  2. азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  3. босқын — босқынның куәлігі;
  4. пана іздеуші тұлға — пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  5. оралман — оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер тіркеу журналдарына тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар жалпы білім беру пәндері бойынша емтихандардан босатылады.

9. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша 2 пәннен) өткізіледі;

2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер — негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

Мамандық профилі бойынша пәндер Үлгілік қабылдау ережесінің қосымшасына сәйкес тапсырылады (2012.19.01. №130 Үкімет қаулысы, 2012.28.02 №264 Үкімет қаулысы)

Мамндық коды Мамандық атауы Емтихандар
0404000 Аспапта орындаушылық және музыканың эстрадалық өнері 1 — мамандық
2 — сольфеджио
0407000 Ән салу 1 — мамандық
2 — сольфеджио
0405000 Хорға дирижерлік ету 1 — мамандық
2 — сольфеджио
0406000 Музыка теориясы 1— музыка теориясы,а) жазбаша жұмыс. б) диктант.
2 — музыкалық әдебиет
0408000 Хореография өнері 1— би қойылымы
2 — классикалық би
0409000 Актер өнері 1 — актер өнері (сөйлеу)
2 — актер өнері (қимыл)
0412000 Кескіндеме, мүсіндеме және графика 1 — сурет
2 — кескіндеме
0108000 Музыкалық білім беру 1 — шығармашылық емтихан

3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

10. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.

Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.

Білім беру емтихан түрлерін білім беру ұйымы белгілейді.

11. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша емтихан тарсыру шілде айының 21 — 28 аралығында өтеді.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

  1. тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
  2. пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» — 8 балл, «4» — 17 балл, «5» — 25 балдарға ауыстырады.

12) Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

13. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Студенттер құрамына қабылдау

14. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген екі пәннің осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.

Студенттер құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

  1. негізгі жалпы білім алғандар үшін үш пәннен 25 балдан кем (екінші шығармашылық емтихан балы жеке есептеледі);
  2. жалпы орта білім алғандар үшін төрт пәннен 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді (екінші шығармашылық емтихан балы жеке есептеледі).

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Студенттердің құрамына қабылдау. Тамыз айының 25-30 аралығында бейіндік пәндер бойынша бағалары ескеріле отырып қабылданады.

15. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

Жатақхана

Өнер колледжінде 57 орынға арналған жатақхана бар, ол кешеннің 5 қабатында орналасқан. Студенттер 100% жатақханамен қамтамасыз етілген.

Жатақханада 23 бөлме бар, бөлмелер екі, үш студент тұруға арналған. Жатақханада ас бөлме, санитарлық тораптар бар.

Бөлмелер ағаш керуеттермен, тумбылармен, кілемдермен, киімге арналған шкафтармен жабдықталған. Ас бөлмеде электроплиталар, тоңазытқыш бар. Жұмсақ жиһазбен, теледидармен жабдықталған демалыс бөлмесі бар.

Жатақханада тұратын студенттер жұмыс жоспарына сәйкес өтетін, әр түрлі іс-шараларға қатысады. Жатақханада Студенттік Кеңес жұмыс істейді, ол студенттерге оқу, мәдениет, санитарлық-гигиеналық, спорт және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды ұйымдастыруға көмек көрсету мақсатында құрылған.

Жатақхана Жатақхана Жатақхана Жатақхана